• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2021

Көрермен «Жәмиланы» күтіп жүр

611 рет
көрсетілді

Облыстық Ж.Аймауытов атын­дағы музыкалық драма театры көрермендерін кезек­ті 32-ші маусымына шақыр­ды. Індетке орай жабыл­ған өнер ордасы бір жылға жуық үзілістен кейін қайта жұмы­сын бастады. Бұған дейін әлеу­меттік желілерде театр ұжы­мы­ның түрлі жобалары өткі­зіліп, жұмыс онлайн жал­ғасқан-ды.

Ал жаңа театр маусымы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпо­пеясының желісімен жазылған «Ерте ояндым, ойландым» қойылы­мымен ашылды.

Көрермен қауым сахнадан жас Абай­ды, ақынның балалық шағынан ержеткен уақытына дейінгі қоғам болмысын, ондағы қайшылықтарды көре алады. Туынды жас Абаймен бірге түңілтіп, сол бір уақыттың тар­тысты қатыгездігі, Қодар мен Қам­қаның қиын тағдыры қиналта күр­сінтеді.

Жас Абай рөлінде театрдың жас актері Абзал Жақып ойнады.

– Жас Абай болмысын, ішкі тебі­ренісін сахнадан беруге үлкен рухани дайындықпен келдім. Өлеңдерін оқып, «Қарасөздеріне» үңіліп, ойланып, толғану қажет болды, – дейді әртіс.

Қоюшы режиссер Әділет Ақа­нов­тың айтуынша, ұлы жазушы қаламынан туған шығарма тілін сахнадан сөйлету үшін әрбір әртіс ойлануы, өткенге үңілуі керек. Қойы­лымның сахнаға шығуына театр ұжымы, барлық әртіс­ қа­тысқан. Құ­нанбай қажы, Ұлжан, Зере аналарымыз секілді тұлғалы образдар көрініс тапты.

Тіпті спектакльге кіріспес бұрын әртістер Абай атамыздың туған жері Семей еліне барып, өткеннің ес­телік рухани шежіресімен танысып қай­тыпты.

Қазір театр репертуарында Ә.Ораз­баевтың «Бір түп алма ағашы», А.Вампиловтың «Ме­транпаж деген не?», Р.Отар­баев­­тың «Ғасыр қасіреті», М.Байд­жиевтің «Тіл та­бысқандар» қойы­лымы мен Д.Совет­­қалидің «Қас­қыр және жеті лақ», сондай-ақ М.Қарт­тың «Алдар көсе­нің дүрбісі» атты ертегілері бар.

Наурыз айының соңында көрер­мен­дер Шыңғыс Айтматов­тың «Жәмила» лирикалық драма­сы­ның премьерасын күтуде. Биыл көрер­мен көретін жақсы, мазмұнды шығар­малар жалғасын таппақ.

Ал театр маусымының кеш ашы­­луының тағы бір себебі: театр ғимаратына жөндеу жұмысы уа­қытында аяқталмады. Мердігер компанияның сапасыз жұ­мысы сотқа берілген. Ғима­рат­ты жөндеуге «Жұмыспен қамту­дың жол картасы-2020» мемле­кет­тік бағдарламасы аясында респуб­ли­калық бюджеттен 302 млн теңге бө­лінген.

 

ПАВЛОДАР