• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2021

Атырауда сутек пен азот өндіріледі

484 рет
көрсетілді

Атырау мұнай өңдеу зауытында 65 млн еуроның жобасы қолға алынып, сутек пен азот өндіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Осыған байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Air Liquide» компаниясы (Франция) Атырау мұнай өңдеу зауытына өндірістік техникалық газдарды жеткізу туралы келісім жасады. Бұл жобаны «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС бірлескен кәсіпорны жүзеге асырады.

«Ұзақ мерзімді келісімшарт аясында жыл сайын 200 млн текше метр сутек пен 50 млн текше метр азот өндіру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аталған келісім цифрлық технологиялардың трансфертін, қуатты тұтынуды оңтайландыру, жабдықтың техникалық беріктігі мен өндіріс тиімділігін арттыруды көздейді. Бұл үшін сутек пен азот өндіру қондырғылары Брюссельдегі (Бельгия) зияткерлік және инновациялық орталыққа қосылатын болады. «Аir Liquide» инвестициясының жалпы көлемі 86 млн еуроны құрайды. Оның ішінде 65 млн еуро Атырау мұнай өңдеузауытындағы жобаға жұмсалады», деп хабарлады «ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметінен.