• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2021

Атырауда Жайық өзенінің мұзын жарып жатыр

200 рет
көрсетілді

Кеше Атырауда Жайық өзенінің мұзын жару жұмысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары Самат Құмашевтің айтуынша, Жайық өзенінің сағасында мұз қалмапты. Бұған ауа-райының жылынуы мен жаңбырдың жаууы себеп болып отыр.

Осыған орай Атырау қалалық әкімдігі адамдардың қауіпсіздігі үшін Жайық өзенінің мұзын бұзуға кірісу туралы шешім қабылдады. Кеше, 17 наурызда Дамба ауылының тұсынан мұзды жару жұмысына балық аулау кооперативінің катері тартылды.«Бүгін, 18 наурызда өзеннің Жұмыскер ауылының тұсына дейінгі мұзы жарылды. Жайықтың кей тұсында мұздың қалыңдығы 10-12 см-ді құрайды. Бұл катердің қозғалысына аздаған қиындық тудырады. Соған қарамастан өзеннің мұзы Геолог елді мекенінің тұсына дейін жарылады», деді Самат Құмашев.