Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 28 және 31 наурыз күндері 2022 жылы Қатарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды. Аяқдоп шеберлеріміз алғаш елордадағы «Астана Арена» стадионында қазіргі әлем чемпиондары – Франция құрамасын қабылдаса, кейіннен Украинаға сапар шегеді.
Бас бапкер Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін ойындарға мына футболшыларды шақырды: Қақпашылар: Александр Мокин («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»); Қорғаушылар: Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Абзал Бейсебеков («Астана), Нұралы Әліп («Қайрат»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия), Дмитрий Шомко («Ротор», Ресей), Руслан Валиуллин, Сергей Малый, Александр Марочкин (барлығы – «Тобыл»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Темірлан Ерланов, Тимур Досмағамбетов (екеуі де – «Ордабасы»), Тимур Рудосельский («Лори Ванадзор», Армения);
Жартылай қорғаушылар: Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Еркебұлан Тұңғышбаев, Елхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Айбол Әбікен, Данияр Үсенов (екеуі де – «Қайрат»), Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Серікжан Мужиков (барлығы – «Тобыл»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Рамазан Оразов («Чайка», Ресей), Максим Федин, Максим Самородов (екеуі де – «Ақтөбе»); Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Крылья Советов», Ресей), Рамазан Кәрімов («Каспий»).