• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2021

Атыраудағы мектепке академик Салық Зимановтың есімі беріледі

815 рет
көрсетілді

Облыстық соттың төрағасы Бауыржан Жұмағұлов өңір басшылығына Атырау қаласындағы көше мен мектептің біріне ғалымның есімін беру туралы ұсыныс білдірген, деп хабарлайды Еgemen.kz

Биыл белгілі қоғам қайраткері, академик Салық Зиманұлының туғанына 100 жыл толды.

Осыған орай облыстық соттың төрағасы Бауыржан Жұмағұлов өңір басшылығына Атырау қаласындағы көше мен мектептің біріне ғалымның есімін беру туралы ұсыныс түсірген еді.

«Жақында облыстық мәслихаттың депутаттары кезекті сессияда облыстық сот төрағасының ұсынысына қолдау білдірді. Атырау қаласындағы №37 орта мектепке Салық Зимановтың есімін беру туралы шешім қабылданып, республикалық ономастикалық комиссияға ұсыныс жіберілді. Енді ғалымның есімін көшеге беру мәселесі де өз шешімін табатын болады» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Соңғы жаңалықтар