• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2021

Шымкенттік дәрігерлер елордалық мамандармен меморандумға қол қойды

232 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Сәрсен Пернебеков пен Ұлттық нейрохирургия орталығының директоры Ержан Әділбеков ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Екі жақты келісім аясында шымкенттік дәрігерлер елордалық әріптестерімен бірігіп, тәжірибе алмаспақ.

Жергілікті рентгенхирургтар біліктілігін арттыру мақсатында Ұлттық нейрохирургиялық орталығының директоры, MD. PhDr. профессоры Әділбеков Ержан мен орталықтың тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Ербол Махамбетов пен бірігіп, күрделі оталар жасады. Аталған мамандардың қатысуымен ишемиялық және геморрагиялық инсультпен түскен науқастарға жедел эндоваскулярлы операция жасады.

№2 қалалық ауруханада - бас дәрігер Сарсен Пернебековтен бастап алыс және жақын шет елдерде біліктілігін арттырған білікті рентгенхирургтар, неврологтар командасы жұмыс істейді. Медициналық ұйымда халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Аурухана құрамында емхана, перзентхана және тоғыз бөлімше бар.

«Біз мегаполис болғандықтан, науқастар басқа қалаға барып ем іздемеуі керек. Сондықтан біз №2 қалалық аурухананың емдеу мүмкіндігін арттырып, науқастар үшін барлық жағдайды жасадық. Материалдық техникалық базамыз жеткілікті. Білікті мамандарды жинадық. Енді халықтың саулығы үшін барынша аянбай еңбек етеміз» дейді аурухананың бас дәрігері Сарсен Пернебеков.