• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2021

Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды

315 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында су тасқынынан қорғауға арналған шаралар қабылдануда. Кептелістер мен су басудың алдын алу үшін өзендерде мұз жару жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық ТЖД хабарлағандай, Осакаров ауданы Николаевка ауылының маңында Сабырқожа өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Құтқарушылар тұрғындардан абай болуды сұрайды.

«Еш жағдайда мұзға шықпаңыздар, себебі жарылыс толқынынан мұз бетінде жарықтар пайда болады. Көктемде су қоймаларында мұз үстінен өту өте қауіпті», деп ескертеді ведомствода.

Өңірде қар шығару, су өткізу құрылыстарын тазалау секілді басқа да жұмыстар жалғасуда. ТЖД мәліметінше, елді мекендерден миллион текше метрден астам қар шығарылды. 1 600-ден астам су өткізу құрылыстары тазартылды.

Сонымен қатар, негізгі су қоймаларынан су ағызу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар