• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Видео 21 Наурыз, 2021

Қазақстандағы БҰҰ басшысы Наурыз мерекесіне орай ұлттық тағам дайындады

305 рет
көрсетілді

2009 жылдан бастап Наурыз адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілді. Бұл – бейбітшілік пен мәдени саналуандылық құндылықтарын мерекелеу. «Наурыз» сөзі жаңа күн дегенді білдіреді және оны әлемнің 300 миллионнан астам тұрғыны жаңа жылдың басталуы ретінде атап өтеді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Өткен жылы Наурыз мейрамы бұрын-соңды болмаған және жойқын ғаламдық пандемияның алғашқы күндеріне сәйкес келді. Биылғы жылы Наурыз рухын сақтау аса өзекті. COVID-19 жеңу үшін әлем біріккен кезде, Наурыз табиғатпен үйлесімді түрде қалпына келтіруге шабыттандырады», дейді.

Ал Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори ханым Қазақстанға келгеніне алты айдан астам уақыт өтіп, аталған уақытта жасап үйренген қазақтың ұлттық десерттерінің кейбір рецептерімен бөлісті.

«Ұлыстың ұлы күнінде туыс жақындар көктемнің басталуын тойлау үшін дәмді тағамдармен безендірілген дастарқан айналасында жиналады. Сондықтан індет шектеулерін ескере отырып, адамдар кішігірім шеңберде үйде ұлттық тағам дайындап, атап өткенін құптаймыз. Бүгін біз ең танымал десерттер – «Жент» кәмпиттері мен «Хворост» бірге дайындадық. Наурыз – бір-бірімізді кешіріп, жақсылыққа үміт білдіретін достық мерекесі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарға мәңгілік бақыт, өркендеу және жарқын болашақ тілеймін!», деді Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі.