Түркі кеңесінің бейресми саммитін бейнеконференция режимінде өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эпидемиялық жағдайға байланысты қазақстандық тарап үстіміздегі жылдың 31 наурызына Түркістан қаласында жоспарланған Түркі кеңесінің бейресми саммитін бейнеконференция режимінде өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім туралы ТМЫК Хатшылығына ресми түрде хабарланды.
Бұрын хабарланғандай, Саммитке ТМЫК-тің барлық мемлекет басшылары мен осы ұйым бақылаушысы Венгрия премьер-министрі қатысады.