• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2021

Екібастұзда әйел адам үшінші қабаттан құлап кетті

341 рет
көрсетілді

Екібастұз қаласында әйел адам терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Кеше Екібастұз қаласында 55 жастағы әйел үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Жазатайым оқиға Мәшһүр Жүсіп көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан үйде болған.

Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы шақырудан екі минут өткен соң болды. Дәрігерлер зардап шегушіні тексеріп, оның мас күйінде екенін анықтады.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел адамның оң жамбасының үштен бір бөлігі сынған. Ол Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды.