• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 23 Наурыз, 2021

Елордалық ТЖД қызметі боранда қалып қойғандарға қолұшын созды

215 рет
көрсетілді

Құтқарушылар қарлы боранмен күресіп жатыр. Қазгидрометтің мәліметінше, осы жылдың 23 наурыз күні сағат 21:00-ден 24 наурыз сағат 21:00-ге дейін түнде бұрқасын болып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Авариялық-құтқару, кезек күттірмейтін жұмыстарға, патрульдеуге қаланың шұғыл қызметтерінің жеке құрамы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, ҚР ІІМ, ЖАО, жол қызметтері жұмылдырылды. "Рубеж" бекеттерінде автокөліктер жиналып қалды: 135 жеңіл көлік, 29 жүк автокөлігі, оның ішінде: Щучинск қаласы бағытында - 40 жеңіл, 10 жүк автомобилі; Қарағанды қаласы бағытында - 15 жеңіл, 7 жүк автокөлігі; Қорғалжын кенті бағытында - 30 жеңіл, 5 жүк автомобилі; Павлодар қаласы бағытында - 50 жеңіл, 7 жүк автокөлігі тұр.

Елордалық құтқарушылардың күшімен осы уақытқа дейін 18 адам, оның ішінде 2 бала, сондай-ақ 5 бірлік техника құтқарылды. Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көктайғақ, көрінудің шектелуі) Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар автожолдар учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

Құрметті азаматтар! Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қала сыртына шықпауға, шұғыл қызметтердің ескертуіне құлақ асуға, балаларды ересектердің қарауынсыз көшеге шығармауға кеңес береді; үйде жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз; жүргізушілер жолда қауіпсіз жылдамдықпен жүруі керек, сондай-ақ қауіпті маневрлерден аулақ болу керек; жолдардың ашылуы немесе жабылуы туралы ақпаратты біздің «112-Nur-Sultan» Телеграмм арнасынан, сондай-ақ 112 телефоны бойынша қадағалай аласыз.