Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәліметке сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр. «Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан. Ал қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Еске сала кетейік, кеше үш облыс «қызыл» аймақта тұрғанын хабарлаған едік, бүгін бұл қатарға Атырау облысы қосылды.