• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Наурыз, 2021

Жалған банкноттар айналымы азайған

244 рет
көрсетілді

Ұлттық Банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішев өткен жылы жалған банкноттар айналымы 2019 жылмен салыстырғанда 38%-ға азайғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық банк өкілі хабарлағандай, 2020 жылы 823 жалған банкнот айналымға шықса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 1 319 банкнотқа дейін өскен. Асхат Әбішев нақтылап өткендей, төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені, қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді. Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады – сәйкесінше, жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%.Айта кетейік, жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда (554 дана, немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталған.