• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Наурыз, 2021

Денсаулық сақтау министріне трансгендер әйел көмекші болады - АҚШ баспасөзі

531 рет
көрсетілді

АҚШ сенаты трансгендер әйел Рейчел Левинді ресми түрде денсаулық сақтау министрінің көмекшісі етіп бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz

Америкалық үнжариялардың мәліметінше, Левиннің ата-анасы оны туған кезде Ричард деп атаған. Алайда ол 2000 жылдардың басында Рейчел деген есімге ауыстырады. Бұған дейін Рейчел Левин – медицина ғылымдарының профессоры, балалар мен жасөспірімдер ауруларының маманы болып қызмет атқарды.

Ричард Левин қырық жастан асқан соң осы маңызды қадамға барған. Сол уақытта ол үйленіп, екі баланың әкесі де болған. Кейін ол ажырасып, балаларын бұрынғы әйеліне қалдырады. Осылайша, Рейчел Левин АҚШ сенатында федералды лауазымға тағайындалған алғашқы трансгендер болып отыр.

Еске сала кетейік, осы жылдың 26 қаңтарында Джо Байден АҚШ-тың Қарулы Күштерінде қызмет етуге жарамды кез келген америкалықтың бұған құқығы бар екенін растайтын жарлыққа қол қойған еді.