Бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жайылым, шабындыққа қатысты заңнамаға кәсіби талдау жасауды баса назарда ұстау керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
«Бүгінгі отырысқа келген адамдардың көпшілігі бірінші Жер комиссиясының жұмысына қатысқан. Сол комиссияның артықшылығы мен кемшілігін көрдік, тәжірибе жинақталды. Сондықтан бірінші үлкен ұсыныс – сол Жер комиссиясының негізгі хаттамасында жасалған бағыттар бойынша министрлік (Ауыл шаруашылығы министрлігі) есеп дайындаса. Тиіс шешімдер қабылданды немесе «мына ұсыныстар неге қыбылданбады» деген есеп болуы керек», деді депутат.
Осы орайда ол атқарылған жұмыстың нәтижесі де болуы керектігін қажет деп санайды.
Одан өзге Мәжіліс депутатыақпарат пен кадастр мәселесіне тоқталып өтіп: «Ол да сөзсіз керек, себебі сенім болмай, жер мәселесінде ешқандай өзгеріс жасалмайтынын анық көріп отырмыз. Сонымен қатар, «ауыл шаруашылығы жерлері, жайылым, шабындыққа қатысты неге заңдар мен қабылданған баптар жұмыс істемей жатыр» деген кәсіби талдау жасасақ. Керек болса, аймақтарға шығып, ел аралап, артықшылығы мен кемшілігін көзімізбен көріп, осы туралы кешенді жаңа заң жобасын дайындайтын мүмкіндік болса», деп айтып өтті.