Теннистен Қазақстан қыздар құрамасының капитаны Ярослава Шведова АҚШ-тың Майами қаласында ұйымдастырылған WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.
Флорида штатында өтіп жатқан теннис бәсекесінің екінші күнінде кортқа шыққан Шведова аталған турнирдің іріктеу бәсекесінде жеңіске жеткен чехиялық спортшы Тереза Мартинцовамен шеберлік байқасты. Дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған чех қызы 1 сағат 23 минутқа созылған матчта жерлесімізді екі сетте 6:4, 6:2 есебімен еш қиындықсыз жеңіп кетті. Алғашқы айналымда сүрінген Ярослава Шведова WTA рейтингінде 25 ұпай және 16 000 АҚШ долларын иеленді.
Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жарысты бүгін кешке екінші айналымнан бастайды. Рыбакина эстониялық Кайя Канепимен, Путинцева сербиялық Нина Стояновичпен кездеседі.