• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Наурыз, 2021

Стив Джобстың түйіндемесі сатылды

311 рет
көрсетілді

Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобстың жұмысқа тұру үшін жазылған анкетасы Charterfields аукционында 162 мың фунтқа (шамамен $222 мың) сатылып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz rosbalt.ru сайтына сілтеме жасап.

Аукцион ұйымдастырған компанияның сайтындағы дерекке сенсек, түйіндемені Джобс 1973 жылы өзі толтырған.

Бұл оның колледждегі оқуын тастап, Atari компаниясына техникалық маман ретінде жұмысқа орналасқан кезі болса керек. Дәл осы Atari-де Джобс Стив Вознякпен танысып, арада үш жыл өткен соң, 1976 жылы Apple компаниясының негізін қалады.

Айта кетейік, аукцион 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында өтті.