• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 26 Наурыз, 2021

Ақтөбелік азамат дәрігерлердің кесірінен көзінен айырылуы мүмкін

689 рет
көрсетілді

23 жастағы Арыстан Бірназаров көзінен айырылуы мүмкін. Оның айтуынша, барлығы дәрігерлердің кінәсінен. Жуапты мамандар оны уақытында операцияға кезекке қоймаған. Ал олай болуына карантин себеп болған. Салдарынан емделуші тығырыққа тірелді. Хирургтардың айтуынша, уақыт өте келе көзді протезге ауыстыруға тура келеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Арыстан Бірназаров әуелде оң көзін қатты жарақаттап алған. Сол кезде көздің қабығы зақымданған. Жігіт төрт операция жасады, оның екеуі портал бойынша Алматы ҒЗИ-да өткен. Зақымдалған органға силикон салынған. 5 айдан кейін оны алып тастау керек еді. Жігіттің айтуынша, Ақтөбедегі емдеуші дәрігерлер дер кезінде өтінім жібермеген. Арыстан бір жарым жылдан кейін, ҚазҒЗИ-ға келгенде, тым кеш қалғанын білген. 

- Маған Алматылық дәрігерлер: «Міне, қарашы, портал бар, ал онда өтінімдер жоқ. Сенің атыңнан ешқандай өтініш бермеген» деді. Мен қазір не істерімді білмеймін. Меніңше, бәрі біткен секілді. Олар көзімнің  қабынатын силиконға тәуелді екенін айтты. Яғни уақыт өте келе, көзді кесуге тура келетін сәт ерте ме, кеш пе бәрібір келеді, - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Арыстан Бірназаров. 

Қазір Арыстанның бір көзі ғана көреді. Жас жігіт үшінші топтағы мүгедек ретінде тіркелген. Уақытылы орындалуы керек болған операция, көру қабілетін қалпына келтірудің азғантай мүмкіндіктерінің бірі еді. Бірақ жігіттің дәрігері операцияға 2020 жылдың қаңтарында өтініш бергенін мәлімдеді. Тек Алматы институты науқасты карантинге байланысты қабылдаудан бас тартқан. 

- Мүмкін, карантинге байланысты 7-8 айға кешіктірілген шығар. Айталық, біз қаңтардың басында тамызға дейін, одан соң қарашаға дейін карантин жарияладық, операциялар толығымен болмады, - дейді Ақтөбе қаласы №1 емханасының офтальмолог-дәрігері Венера Оразалина. 

Мұндағылар емханада басқа қаладағы науқастарды емдеуге барлық өтінімдерді облыстық денсаулық сақтау басқармасы беретінін айтады. Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы мұны жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, ведомствоның міндеті - емханадан мәлімет алу, содан кейін ғана пациентті порталға қою. 

Белгілі болғандай, былтырғы ақпан айында емхана Арыстанға ота жасауға соңғы өтінімді жіберген. Яғни, бір жылға кешікен. 

Өтінімді емхана да тікелей қоя алады, өйткені бұл қызмет мамандандырылған медициналық көмекке жатады. Сондықтан олар да оны жібере алады, емхана арқылы да порталға қоюға болады, -  дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Әлия Шарбақова. 

Сарсаңға түскен Арыстан әділдікке қол жеткізгісі келеді. Жігіт медициналық қызмет сапасын бақылау комитетіне хабарласып, сотқа талап арыз беруге ниетті. Қазіргі сәтте оның отбасы күрделі науқасты қабылдайтын және жас адамның көзін сақтай алатын шетелдік клиникаларды іздестіріп жатыр.