• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Бокс 26 Наурыз, 2021

Америкалық журналист Головкин мен Канелоның табысын салыстырды

553 рет
көрсетілді

Америкалық Boxingnews24.com басылымының журналисі Анхель Флауэрс орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның негізгі қарсыласы, мексикалық Сауль Канело Альварестің табысын салыстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Автордың айтуынша, Головкин қазіргі қаржылық жағдайына Канелоның арқасында жетіп отыр, өйткені онымен болған жекпе-жекке алған қаламақысы табысының басым бөлігін құрайды. Головкин тартысқа толы екі айқаста жалпы табыстың 90 пайызын алған. Кейбір дереккөздер бойынша бүгінде GGG-дің жинаған қоры – 30-35 млн долларға жуықтайды. Салыстырмалы түрде алғанда, Альвареске Авни Йылдырыммен өткізген соңғы жекпе-жегі үшін 20 млн доллар берілді. Сондай-ақ Каллум Смитпен өткізген шаршы алаңдағы ұрысында да дәл сондай сомада сыйақы табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, тең есеппен аяқталды. Десе де, қарымта айқаста төрешілердің басым даусымен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Енді екі былғары қолғап шеберлерінің «Трилогиясы» қашан болатыны белгісіз.