• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2021

Атырауда 93 адам коронавирусқа шалдығып, 92 науқас сауығып шықты

263 рет
көрсетілді

Атырау облысында өткен тәулікте 93 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 92 науқас сауығып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Атырау қаласында 40 адам қауіпті вирус жұқтырып отыр. Ал, Теңіз кенішінде 41 жұмысшы, Махамбет ауданында 5,Жылыойда – 2, Қызылқоғада – 2, Исатайда – 2, Индер ауданында 1 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан. Оның ішінде 35 науқаста Covid-19-дың симптомды түрі анықталды.

«Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 92  адам емделіп шықты. Қазір 170 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 8, модульдік стационарда 123,  ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 24 пациент оқшауланған. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 309 адам ем қабылдап жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.