Маңғыстау өңірінде бір күнде алты лауазым иесі жаңа орынтақтарға отырды. Яғни, облыс әкімінің орынбасары А.Айтқұлов әкімнің бірінші орынбасары болды. Орынбасарлары Ж.Қараев “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қ.Боқанов Маңғыстау ауданының әкімі қызметтеріне кірісті. Облыс әкімінің жаңа орынбасарлары болып елге белгілі азаматтар, бұған дейін облыстық басқармаларды басқарған Қ.Жұмашев, М.Жүнбасов бекітілді.
Сондай-ақ осы күні Ақтау қаласына О.Қазақбаев әкім болып тағайындалып, оның орнына, яғни Мұнайлы ауданына Е.Әбілов әкім болып барды. Ал Ақтау қаласының әкімі болған С.Бекбергенов Президент аппаратына жұмысқа ауысты.
Жоламан БОШАЛАҚ.
АҚТАУ.