• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2021

Елордададағы 10-ға жуық мекемеге айыппұл салынды

150 рет
көрсетілді

Өткен түнде карантин талаптарын бұзған 10-ға жуық мекемеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Кәсіпкерлік субъектілерінің карантинді бұзуына жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осыған қарамастан кейбір мекемелер бас санитарлық дәрігердің қаулысында жазылған талаптарды елемей отыр. Өткен түнде, яғни 26 наурыздан 27-сіне қараған түні мобильді топтар қаланың төрт ауданында карантин режимін бұзған 10-ға жуық мекемені анықтады. Олардың қатарында Сарыарқа ауданындағы «Нирвана» түнгі клубы сағат 23.00-ден кейін де жұмыс істеді. Ал Бас санитарлық дәрігердің қаулысында 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілген. Осыған ұқсас заңбұзушылыққа «Asiatiq» мейрамханасы да жол берді, ал «Adagio» караоке-бары жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан келушілерге қызмет көрсеткен. Екі мекеме де Есіл ауданында орналасқан. Алматы ауданында орналасқан төрт бірдей қоғамдық тамақтану нысаны белгіленген жұмыс режимін бұзды. Мәселен, «Понаехали», «До утра» барлары, «Зина» мейрамханасы, «Шах» кафесі бар. Байқоңыр ауданында орналасқан «Шашлыкофф» дәмханасы мен «Рыба моей мечты» караоке залы да карантин режимін бұзды. Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдау және оларды жауапқа тарту үшін материалдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді. Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына және елорданың «қызыл» аймақта болуына байланысты 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда карантин талаптары күшейтілген болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне санитарлық нормалар мен карантин режимінің талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Соңғы жаңалықтар