Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығында өткен жиналыста «ҰКҚМО» КЕАҚ Директорлар кеңесінің жаңадан тағайындалған мүшелері таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҰКҚМО» КЕАҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамына мемлекет және қоғам қайраткері Ғани Қасымов, Halyk Finance Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Дунаев, белгілі кинопродюсер Борис Чердабаев пен ҰКҚМО басшысы Есетжан Қосыбаев сайланды», делінген Мәдениет және спорт министрлігі мәліметінде.
Айта кетейік, «ҰКҚМО» КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді сегіз адам кіреді, олар:
Директорлар кеңесінің Төрағасы Нұрғиса Дәуешов – ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі.
Директорлар кеңесінің мүшелері:
Есетжан Қосыбаев – ҰКҚМО Басқарма төрағасы.
Амангелді Тойбаев – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің Мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы.
Тәуелсіз директорлар:
Арман Дунаев – «Halyk Finance» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Ғани Қасымов – қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі.
Бектас Мұхамеджанов – ҚР Парламенті Сенатының жанындағы ҚР бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңестің мүшесі.
Бекболат Тілеухан – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Борис Чердабаев– кинопродюсер.