• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2021

Атырауда мейрамханалар карантин талабын өрескел бұзуда

287 рет
көрсетілді

Атырауда мониторингтік топ бір күнде бірнеше мейрамхананың карантин талабын бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 наурызда мониторингтік топтың мүшелері Атырау қаласындағы мейрамханаларға рейд жүргізген. Рейд кезінде қалаға таяу орналасқан елді мекендердегі мейрамханалар да қамтылған.

«Мәселен, түнгі сағат 22:00-ден кейін «Chechil Pub», «Vokzal», «Пинта» мейрамханаларында 50-ден астам адам болған. Еркін қала ауылындағы «Шәріп», Жұмыскер елді мекеніндегі «Атырау Холл» мейрамханаларында, сондай-ақ, Алмалы ауылындағы үйлердің бірінде той өтіп жатқаны анықталды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданды.