• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Наурыз, 2021

Әлем кубогында бақ сынауда

170 рет
көрсетілді

Болгарияның София қаласында көр­кем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңдік бәсекесі өтіп жатыр. Бұл – пан­демияға бай­ланысты ұзақ үзілістен кейінгі көр­кем гимнастика бойынша алғашқы жарыс­тардың бірі.

Софиядағы байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасынан Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова жүлделі орындарға таласқан болатын. Алайда екі спортшымыз да төмен нәтиже көрсетіп, үз­дік ондықтың қатарынан да көріне алмады. Мәселен, Алина 80,150 ұпаймен – 26-шы, Адиля 79,200 ұпаймен 31-ші орынды қанағат тұтты. Бұл сында израильдік Линой Ашрам 98,450 ұпаймен топ жарды. Екінші орынға болгариялық Боряна Калейн (98,250), үшінші орынға Беларусь өкілі Алина Хар­наско (96,150) жайғасты.