• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Наурыз, 2021

Қазақстан турсектордың құзыретін арттыруға ниетті

463 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда Қазақстанның туризм және басқа да сабақтас салаларында 470 мыңнан астам адам немесе жұмыспен қамтылған халықтың 5,5%-ы еңбек етеді. Сондықтан туристік қызмет көрсетудің отандық секторын дамыту мәселелері кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің жақсаруымен байланысты.

Жақында Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен Mental HR Consultancy түрік компаниясы саланың кәсіби мамандарын даярлау және еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Өздеріңіз білетіндей, нарықта білікті кадрлар тапшылығы орын алса, әсіресе кәсіби дайындалған желілік қызметкерлер болмаған кезде, туризмді сапалы дамыту мүмкін емес», деп хабарлайды Ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Ержан Еркинбаев.

Туризмді қарқынды дамыту үшін екі негізгі құрамдас бөлік бар: елдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, біріншісі – бұл инфрақұрылым мен коммуникациялар. 2019 жылы қабылданған туристік саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бүгінге дейін жалпы сомасы 61,1 млрд теңге құрайтын 55 жоба іске асырылды. Екіншісі – саланың құзыреті. Мемлекет тарапынан Мәдениет және спорт министрлігі кадрлық әлеуетті дамыту мәселелеріне үлкен көңіл бөліп келеді. Мамандар даярлайтын алғашқы бейіндік Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті ашылғаны белгілі.

«Өткен жылы academy.tourismonline.kz платформасы өзін жақсы дәлелдегенін атап өткім келеді, мұнда әркім сапалы теориялық дайындықты ала алады. Биыл біз кәсіби спикерлерді көптеп тарта отырып, жаңа оқыту модульдерін жасауды жалғастырамыз. Сондай-ақ осы жылы біз өңірдің оқу орындарының базасында Маңғыстау туризм саласы үшін жергілікті тұрғындар қатарынан желілік 1500 адамды оқыту бойынша сынамалы жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз», деп қорытындылады сөзін Ержан Еркінбаев.

Mental HR Consultancy түрік компаниясы бизнес субъектілері мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының желілік және басқару қызметкерлерін оқыту мәселелерінен басқа, инвестициялар тарту және туристік секторды цифрландыру сияқты бағыттар бойынша ықпал етеді.