Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы демалыс күндерімен салыстырғанда 1,03 теңгеге құлдырап, 1 доллары - 423,22 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми бағамы: 1 доллар - 424,28 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы - 424,00 теңге, сатып алу – 422,48 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 423, 27теңгеден болса, сатып алу құны – 422, 07 теңге.