Петропавлда қалалық әкімдіктің аппараттық кеңесі өтіп, өңірде су басуы ықтимал жерлердің тізімі жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Бүгінде кәсіпкерлік нысандарының 194 басшысымен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Солардың 61-і «ескерту» түрінде әкімшілік жауапқа тартылды. Петропавл әкімінің айтуынша, су басуы мүмкін қауіпті шағын аудандар назарға алынған.
2017-2020 жылдардағы талдау негізге алынып, су басуы ықтимал жерлердің тізімі жасалды. Қазіргі кезде облыс орталығында су асында қалуы ықтимал 240 үй бар.
«Петропавл көшелерінен қар шығаруға 245 техника жұмылдырылған. 31 наурызға дейін кәріздерді тазартуды аяқтау жоспарланған, бүгінде олардың 85%-ы жұмысқа дайын. Барлық дренаж сорғыларының жұмысы тексерілді. ТКШ бөліміне барлық кәріз құдықтарына тексеру жүргізу тапсырылды. Себебі ауыр техника қар тазалаған кезде қақпақтар ашылып кетуі мүмкін. Бұдан бөлек, жүргіншілер жолы мен тротуарларға себілетін құм-тұз қоспасының көлемі арттырылмақ», дейді Петропавл әкімі Болат Жұмабеков.