• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Наурыз, 2021

Еліміздегі энергетиктер ТМД бойынша ең төменгі жалақы алады

127 рет
көрсетілді

Еліміздегі энергетиктер ТМД аумағындағы ең төменгі жалақыны алады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Салалық кәсіподақ төрағасы Оразбек Бекбастың айтуынша, еңбекақы мәселесі 20 жылдан бері шешілмей келеді. Оның кесірі қандай?

Жалақының аздығы мамандардың басқа салаға кетуіне алып келген. Енді энергетикалық станциялар жабылып қалуы бек мүмкін.

Еліміздегі энергетиктер жиырма жыл бойы бір жалақыны алып келген. Салалық кәсіподақ төрағасы Оразбек Бекбастың айтуынша, білікті мамандарды ұстап қалуға қауқар жоқ. Өйткені көбі жалақысы жоғарырақ салаға, тіпті басқа мемлекеттерге кетіп жатыр. Бүгінде Беларусьтегі энергетиктер бізден 21%-ке, Қырғызстанда 44%-ке көбірек еңбекақы алады екен. Оның үстіне негізгі қорлар 60%-ке ескірген. «Мамандар тұрақтамайтын болса, станциялар тоқтап қалуы әбден мүмкін», дейді. Кәсіподақ төрағасының айтуынша, жылу энергетикасы мамандықтарына түсетін талапкерлер саны жыл сайын азайып келеді. Кәсіпорындар зейнеткерлік жасқа жеткен мамандарды ұстауға мәжбүр.