• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Сәуір, 2021

Алматыда көлік қаққан екі адамның бірі ауруханада қайтыс болды

295 рет
көрсетілді

28 наурыз күні Алматы қаласында Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында болған жол апатынан зардап шеккен мопедтің жолаушысы қалалық ауруханалардың бірінде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Қазіргі уақытта бұл факт бойынша Алматы қаласы ПД тергеу басқармасында ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр», деп айтып өтті.

Бұған дейін жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

Айта кетейік, сол күні сағат 22:00 шамасында мопед жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Байтұрсынов көшесінің қиылысында бағдаршамның ескерту сигналына қарамастан өтіп кетпек болған. Салдарынан «Toyota RAV4» автокөлігімен соқтығысты. Апаттан мопед жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген еді.