Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ, халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, аймақ әкімдері қатысады», делінген жазбада.