• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2021

Әйел болып киінген ер адам шағын несие ұйымын тонап кетті

1337 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында әйел болып киінген ер адам шағын несие ұйымын тонады, деп хабарлады Polisia.kz.

21 наурыз сағат 11:30-да Риддер қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан қоңырау түскен. Ол микроқаржы ұйымының кеңсесі тоналғаны туралы хабарлады. Оның үстіне жәбірленуші ірі көлемдегі ақша сомасын ұрлаған қаскөй әйел адам болды деп сендірген.

Оқиға орнына Риддер қаласы ПБ тергеу-жедел тобы, сондай-ақ криминалдық полиция бөлімшесінің аймақтық-аумақтық қызметкерлері жедел жіберілді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне жәбірленушілер мен куәгерлер қаскөйдің қыз екенін және оның жақын маңдағы тұрғын үйлердің аулалары арқылы қашып кеткенін айтқан. Алайда бір сағат ішінде жедел уәкілдер күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол Риддер қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қаскүнем көптен бері Риддер қаласындағы базарлардың бірінде орналасқан пайызсыз қарыз беретін микроқаржы ұйымының кеңсесіне шабуылдауды жоспарлағаны анықталды. Әйелдер киімін киіп алып, капюшоны бар ақ түсті әйелдер күртешесі, өкшесі бар ақ етік, әйелдер паригі, қара шарф және бет-әлпетін жасыратын медициналық маска киіп алған қаскүнем танымастай өзгерген. Ол кеңсеге кіріп, қару тәрізді затпен қорқытып, менеджерден ірі көлемдегі қаражатты ашық түрде ұрлады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.