• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2021

Қазақстандық мергендер әлем кубогында 6 медаль иеленді

302 рет
көрсетілді

18-29 наурыз аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында стенд және оқ атудан рейтнигктік Әлем Кубогы өтті. Тартысты жарысқа әлемнің 53 елінен 300-ге жуық мерген спортшылар қатысты.

Бәсекеде қазақстандық мергендер 6 медальді – 1 алтын, 3 күміс, 2 қоланы қанжығаға байлады. Олардың қатарында үздік өнер көрсеткен Шымкент қаласының спортшы ұл-қыздары да бар.

«SKEET» жаттығуында әйелдер арасында шымкенттік мерген Кравченко Зоя күміс медаль жеңіп алды. Сонымен бірге, командалық есепте жерлестеріміз Кравченко Зоя (Шымкент қ.), Насырова Рината (Шымкент қ.) мен Панарина Ольга (Шымкент қ.) алтын медальді қанжығалады.

Ал, «SKEET» жаттығуында ерлер арасында қазақстандық спортшы жігіттер командалық есепте Почивалов Давид (Шымкент қ.), Ещенко Эдуард (Алматы қ.) пен Мухамедиев Александр (Шымкент қ.) 501 ұпаймен финалға еніп, қола медальға қол жеткізді.

Дәл осы жаттағудан еліміздің 1-ші аралас құрама командасы командалық есепте Панарина Ольга (Шымкент қ.) мен Ещенко Александр (Алматы қ.) күміс медальге ие болды.

«TRAP» жаттығуында әйелдер арасында командалық есепте Дмитриенко Мария (Шымкент қ.), Сарсенкуль Рысбекова (Шымкент қ.) және Айжан Досмагамбетова (Кызылорда облысы) 308 ұпаймен финалға шығып, додада күміс медаль иеленді.

Ерлер арасында командалық есепте Могилевский Андрей (Нұр-Сұлтан қ.), Коломоец Максим (Кызылорда облысы) және Хасянов Виктор (Шымкент қ.) 489 ұпаймен финалға еніп, қола медальге қол жеткізді.

Әлем Кубогының соңында медальдық нәтижелер бойынша Қазақстан құрамасы 6-орынға тұрақтады.