• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Сәуір, 2021

Елімізде Әскери-теңіз күштерінің құрылған күні атап өтіледі

1126 рет
көрсетілді

Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің қазақстандық секторында елдің әскери қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, егемендігін, экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуге арналған. Әскердің бұл түрі ел Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылған. Бүгінде бөлімдер мен құрамалар өздерінің жауынгерлік машықтарын жетілдіріп, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді табысты орындай отырып, елдің мүдделерін қорғауға маңызды үлес қосады.

Әскери теңізшілер өздеріне жүктелген міндеттерді орындай отырып, жылына 240 күннен астам уақытқа теңізге шығады және осы уақытта 3600 кеме жаттығуы, сабақтар мен жаттығулар өтеді. Олар мемлекеттік органдарға табиғатты қорғауда көмек көрсетеді, экологиялық апаттардың салдарын жоюға және басқа да іс-шараларға қатысады.

– Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері ауқымды міндеттерді шешуге қабілетті жұмыс жасай алатын және жауынгерлік әлеуеті бар әскер түрі. Оның құрамына мина-тартқыш және зымыран-артиллериялық кемелер, сондай-ақ қосалқы кемелер, жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері, түрлі кемелер кіреді, - деді Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.

Әскери-теңіз күштерінің офицерлері Ресейдің, Түркияның, Германияның, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, АҚШ-тың жетекші әскери оқу орындарында білім алады. Әскери-теңіз күштерінде оқу-жаттығу орталығы құрылды. Ақтау және Орал қалаларының университеттерінде әскери кафедралар жұмыс істейді. Онда келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді дайындайды.

Әскери-теңіз күштерінің жүзуге шебер жауынгерлерін ерекшелейтіні – жоғары кәсібилік. Олар тікұшақтар мен қайықтардан десант ретінде суға түсіріледі, қарсыластың кемеге жасаған шабуылына тойтарыс бере алады, су асты миналарын және минаның белсенділігін жоюды орындай алады.

Жедел даярлық аясында әскери теңізшілер басқа әскер түрлері мен тектерінің құрамынан жедел топтарымен жедел-тактикалық жиындарға, командалық-штабтық жаттығуларға, тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға қатысады.

Жауынгерлік даярлық барысында әскери кемелердің экипаждары Армия халықаралық ойындарының «Теңіз кубогы» конкурсына даярлық шеңберінде курстық міндеттер мен теңіз биатлонының элементтерін пысықтайды. Аталған әскерлер жарысында қазақстандық теңізшілер жүлделі орындар алды.

Қару-жарақ пен әскери техниканы, оның ішінде жауынгерлік роботтарды пайдалана отырып қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану дағдыларын, бөлімшелердің, кемелердің үйлесімділігіне және олардың жарақтандырылуына ерекше назар аударылады.

2 сәуірде Қазақстан Әскери-теңіз Күштерінің құрылғанына 28 жыл толуын атап өтеді.