• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Сәуір, 2021

Елордада әлеуметтік көмек алуға өтініштерді қабылдау басталды

427 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсанына АӘК алу үшін өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында өтініш берушімен тікелей байланысты болдырмау және топталып жиналмау үшін құжаттар электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде қабылданады. Өтініш беруші азамат(ша) құжаттарды egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде тапсырады. Осы мақсатта Жұмыспен қамту орталығының төрт ауданы (Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқаңыр) мамандары Zoom платформасында құжаттарды тапсыру барысын түсіндіріп, видеонұсқаулық ұсынып отыр.

Видеонұсқаулықты мына сілтемеден көруге болады. 

Құжаттарды қабылдау 1-30 сәуір аралығында жүргізіледі. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3700 аса отбасыға АӘК тағайындалды.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек — табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен әрбір отбасы мүшесіне тоқсан сайын тағайындалатын ақшалай төлем.