Eurovision ән байқауын тамашалауға 3,5 мың адам ғана кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz
Нидерланд билігі осындай шешім қабылдады. Жанкүйерлер де, қатысушылар да коронавирусты анықтайтын тест тапсыратын болады. Тесттің теріс нәтижесінен бөлек өнерпаздар 5 күндік карантиннен өтуі керек. Жанкүйерлермен қарым-қатынаста болуға тыйым салынған.
Айта кетейік, ән байқауы 18 мамырда басталып, 22-сі аяқталады.