• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Сәуір, 2021

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

277 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

5 сәуір күні Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа қарай ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысында кей жерлерде тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ығысып, күндіз кейде 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 5-7 сәуірде тұман, 5-6 сәуір күндері түнде кей жерлерде көктайғақ болып, 5 сәуірде күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. 6-7 сәуірде кей жерлерде 15-20 м/с солтүстік-батыстан соғатын жел күтіледі. Таразда 5-7 сәуір күндері таңертең тұман болып, 5 сәуір күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. 5 күні, 6 сәуір күндіз оңтүстік-батыс жел солтүстік-шығысқа ауысып, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, кейде 23 м/с.

5 сәуірде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болды. Оралда таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болмақ. Жел оңтүстік-батыс, батыстан, кей жерлерде 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз 15-20 м/с болады. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел тұрады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, батыстан соғатын жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа жетеді. Шымкентте кейде күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан соғатын жел екпіні түнде 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістанда таңертең бұршақ жауып, күн күркіреуі күтіледі.