• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 05 Сәуір, 2021

Түркістандық дәрігерлер ана мен баланы аман алып қалды

235 рет
көрсетілді

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері ауыр халде жеткізілген 23 жастағы жүкті әйелге бір мезетте екі ота жасады.

Ана мен нәрестенің өмірін аман алып қалу үшін алдымен оны кесарь тілігімен босандырып алған. Кейін сол жақ бауырын құрттан лапаротомия әдісі арқылы тазалаған.

«Ота шұғыл диагностикалық, лабораториялық және салалық дәрігерлердің тексеруінен соң жасалынды. Эхинококты кистасы жарылу қаупінен, ана мен бала өмірі қыл үстінде тұрған. Қазір сәби мен ананың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», дейді  хирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Аймағанбетов.  Бүгінде ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Айта кетелік, облыстық ауруханада жыл басынан бері 3501 күрделі операция жасалынды. Өткен жылы клиникалық ауруханасының базасында 12 мыңға жуық ота сәтті аяқталған.