«Қазгидромет» РМК 6-8 сәуір аралығында еліміздің кей өңірлерінде күн жылынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстанда циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерде көктайғақ, найзағай және бұршақ болуы мүмкін. Ал елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы қалыптасады.
«Оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, бірақ соған қарамастан күн жылы болады. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді», делінген хабарламада.