• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 06 Сәуір, 2021

Лауазымды тұлғалар жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін жазаланады

389 рет
көрсетілді

Лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін 300 мың теңге айыппұлмен жазаланады, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов ОКҚ өткен брифингте жемқорларға ықпал ететін қылмыстық-құқықтық шаралар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар арсеналындағы жалғыз қару бола алмайтынын және болмауы тиіс екенін алға тартады.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан маңызды саналатын, мемлекеттік орган басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін көздейтін Кодекстің 680-бабы – аталған лауазымды тұлғаларға 100 АЕК көлемінде, бұл шамамен 300 мың теңге айыппұл салуға әкеп соғады», деді О.Бектенов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамау – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда белгіленген бірқатар талаптарды білдіреді. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, мүдделер қақтығысын болдырмау, қаржылық бақылау шаралары, басшылардың тікелей қарамағындағы сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі, квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтерді міндетті түрде енгізу.

«Тиісінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қолданыстағы заңнамада қарастырылған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті шаралар қабылдамайтын мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларына әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға уәкілетті», деді ол.