Көкшетау қаласында үш көліктің соқтығысуымен жол апаты болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда жол апаты 6 сәуірде түнгі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының Н.Назарбаев даңғылында болған.
Ниссан, Лада және Гольф көліктерінің соқтығысуы салдарынан Лада-гранта көлігінің жолаушысы әйел адам оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Айта кетейік, жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда жол апат Н.Назарбаев даңғылының бойында Теннис орталығының маңында орын алғаны айтылған.