• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2021

Елордадағы бірнеше мектепке «Алаш» қайраткерлерінің есімі беріледі

356 рет
көрсетілді

Елорданың бірқатар мектебіне «Алаш» қайраткерлерінің есімдері берілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ералы Тоғжанов Алаш қайраткерлерінің есімдерін мәңгілік есте сақтау мақсатында өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарына Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бөкейханның, Шәкәрімнің есімдері берілгенін айтты.

«Қазіргі уақытта Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында елорданың бірқатар білім беру мекемесіне Нәзір Төреқұловтың, Мұстафа Шоқайдың, Қошке Кемеңгерұлының, Қаныш Сәтбаевтың, Смағұл Сәдуақасұлының есімдерін беру мәселесі қарастырылып жатыр. Алаш қайраткерлерінің атымен бұдан басқа да 30-дан астам көше, 10-ға жуық мектеп аталады», деді ол.

Сондай-ақ ол бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында «Алаш» қозғалысының 30 шақты тұлғасына көше атаулары берілгенін атап өтті.