• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 07 Сәуір, 2021

Шпекбаев инвесторларды толғандыратын мәселелер туралы айтты

242 рет
көрсетілді

Бизнес-қоғамдастықты инвесторлық визалар, лицензиялар, салық салу, кедендік баждар, жоспардан тыс тексерулер және жер қатынастары мәселелері толғандырады. Бұл туралы Business Integrity Forum барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп оларды шешу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Мысалы, бүгінде әртүрлі лицензиялар алу толығымен электронды форматқа көшірілді. Қазір инвестициялық визаны алу туралы өтініш инвестициялық келісімшарт секілді онлайн режимде беріледі.

Ол елімізде көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электронды режимде қолжетімді екенін атап өтті. Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде шағын бизнесті тексеруге үш жылға мораторий қолданылады. Тексерушілердің штатын қысқарта отырып, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.