• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 08 Сәуір, 2021

Докторантураға қабылдау электронды форматта өтеді

443 рет
көрсетілді

Докторантураға қабылдау электронды форматта, ал диссертацияларды қорғау онлайн-режимде жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсу ережелері өзгертілді. Енді докторантураға қабылдау электронды форматта жүзеге асырылады. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде тиімділігін көрсетті.

Пандемияға байланысты студенттер мен магистранттарға қорытынды жұмыстарын онлайн форматта қорғауға рұқсат етілді. Егер дипломдық жұмыс немесе магистрлік диссертация онлайн форматта қорғалған болса, студенттерден «мөр» мен «қолтаңба» талап етудің қажеті жоқ.

Сонымен қатар енді барлық докторлық диссертация желіде трансляциялау арқылы онлайн-режимде қорғалатын болады. Бұл ғылыми жұмыстарды қорғау рәсімінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.