• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Сәуір, 2021

Оралдың қақ ортасында тасжол опырылып қалды

244 рет
көрсетілді

Орал қаласының Жәңгір хан көшесінде орналасқан «Бином» жанар-жағармай құю стансасы маңында тасжол опырылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жолдағы шұңқыр су бұру желісіндегі апат нәтижесінде пайда болған. Кәріз коллекторын 2018 жылы мердігер ұйымның қызметкерлері салған. Оған қоса, кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған.

«Мердігер ұйымға техника бөлдік. Жолдың опырылу себептерін анықтауы қажет. Мердігерлер шығынды өз қаражаты есебінен жояды», деді Батыс су арнасының қызметкері.

Өкінішке қарай, бұл Орал қаласының кәріз желілерінде болған алғашқы апат емес. 2020 жылы осындай жағдай мыңдаған тұрғынды сусыз қалдырған еді.