• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2021

Алматылықтарға тауға шығуға тыйым салынды

223 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, жылымық кезде жауын-шашынның мол түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 8- 12 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупі ықтимал болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар», делінген ведомстваның хабарламасында.