Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған зәулім үй шетінен үгіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Сыртқы кірпіш қаптама тура жаяу жүргіншілер жүретін жерге опырылып түскен. Енді тұрғындар подъезден шығуға қорқады. Шенділерден көмек сұрайды.
«Біздің үй құлады, дәл менің көз алдымда құлады. Біз бұған неге төзуіміз керек? Төтенше жағдайдан адамдар келді, олар шашылған кірпіштерді жинап алып, кетіп қалды. Енді біз осы бұзылған үйде осылай өмір сүруіміз керек пе», дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Мәлік.
Жалға алушылардың айтуынша, үй іс жүзінде жап-жаңа. Ол тоғыз жыл бұрын ғана мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған.
Алайда кейінгі жылдары мәселелер арты-артынан туындай бастаған. Кәріз құбырлары шіріген, жаңа ғимараттарды мезгіл-мезгіл қар суы алып кетеді екен. Енді халық «үйдің сыртқы қаптамасы үгіліп жатыр» деп шағымданып отыр.
«Таңғы тоғыз кезі болатын. Қуанышқа орай, қайта қазір балалар үйде, онлайн оқиды, әйтпесе бұл арадан оқушылар көп жүреді, өйткені ана арада 64 мектеп бар. Барлығы осы жерден өтеді. Қайта адам өлімі болған жоқ. Сонда қандай да бір жамандықтың орын алғанын күтуіміз керек пе, ең жаманы сол, билік тарапынан әрекет жоқ, ештеңе болмағандай», дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Абзал Асанов.
Алматы ауданының әкімдігі төтенше жағдай болған жерді зерттедік дейді. Алайда, сарапшылар сараптама жасалмайынша, шенеуніктер мәселені жоя алмайды. Алайда оны тұрғын үй иелеріне өз қаражаттары есебінен жасау ұсынылып отыр.
«Бұл үйде пайдалану мерзімі шарттағы кезеңге жетпегендіктен, бізге мұндай техникалық зерттеу жүргізу қиын. Сондықтан, оны тұрғындар өз қаражаты есебінен жасай алады. Ол үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту керек», дейді Алматы ауданы бойынша тұрғын үй басқармасы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Рүстем Әбдірашев.
Шенеуніктер мұндай сараптаманы үйдің салынғаны 10 жылдан астам уақыт болғанда ғана жасай алады. Сондықтан тұрғындарға тәуелсіз сарапшыларды жалдаудан басқа амал жоқ секілді. Ал ол қымбатқа түседі. Бірақ осыдан кейін де жаңа ғимаратты жөндеу мүмкінкіндігі арта ма, белгісіз. Әкімдіктегілер бұл үй мемлекеттік меншікке жатпайды деп түсіндірді. Демек, пәтер иелері оны өз есебінен ретке келтіруі керек болады.