Қазақстандық бизнес авиация операторы Comlux KZ Халықаралық іскерлік авиация кеңесінің (IBAC) аудитінен сәтті өтті және 2021 жылдың сәуір айының басында IS-BAO stage I сертификатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орталық Азиядағы IS-BAO Stage I сертификатын алған алғашқы әуе компания.«Ұшу қауіпсіздігі - бұл біздің қызметіміздің басты басымдығы. Бүгін біз белсенді дамып жатырмыз. Бізде "EASA P-145" сертификатының арқасында Еуроодақта тіркелген ұшақтарға техникалық қызмет көрсету құқығы бар. Біз әуе кемелерінің жаңа түрлерін пайдалануға қабылдаймыз. Ағымдағы жылы өндіруші зауыттан 2 ұшақ жеткізілді.IS-BAO стандарты - жолаушылар үшін қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті растау ғана емес, сонымен қатар саланың жалпы даму деңгейі. Біз алдымызға SMS-ті жетілдірудің барлық кезеңдерінен өтуді мақсат етіп қойдық, соның ішінде stage 3. Бірінші қадам жасалды» дейді «Comlux KZ» бас директоры Денис Иванов.
Айта кетейік, IS-BAO стандарты (International Standard for Business Aircraft Operations) – ИКАО стандарттарына негізделген іскерлік әуе кемелерін пайдаланудың ерікті халықаралық стандарты. Оны енгізудің мақсаты – әуе компанияның кәсібилік деңгейін және жұмыс қауіпсіздігін арттыру.