• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Сәуір, 2021

Филипп ханзаданың қазасы: Ұлыбританияда ұлттық аза тұту күні жарияланды

1430 рет
көрсетілді

Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның күйеуі, герцог, Эдинбург ханзадасы Филипп 99 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін Букингем сарайы мәлім еткендей, егер Филипп ханзада тірі болғанда екі айдан кейін, яғни 10 маусым күні 100 жасқа толушы еді.

«Мәртебелі Патшайым қатты қайғырып, өзінің сүйікті жары, Эдинбург герцогі, корольдіктің мәртебелі ханзадасы Филипптің қайтыс болғанын хабарлайды. Мәртебелі ханзада бүгін таңертең Виндзор қамалында жан тәсілім етті» делінген сарайдың хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2017 жылы герцогтың денсаулығы нашарлап, қоғамдық шараларға қатысуды тоқтатқан еді.

Биыл қаңтар айында II Елизавета күйеуімен бірге коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Дегенмен, 17 ақпанда ханзада денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді. БАҚ көздері оның коронавирус инфекциясынан емес, денсаулығынан басқа да кінәраттар табылғанын жарыса жазды. Наурыз айында оның жүрегіне күрделі ота жасалып, сәтті аяқталған-ды. Отадан кейін оны қайтадан қалпына келтіру үшін Король Эдвард VII ауруханасына орналастырды.

Айта кетейік, ханзаданың қазасына байланысты аза тұту күні оны жерлегенге дейін жалғасады. Ал жерлеу рәсімінің қашан өтетіні әзірге белгісіз.