Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Сәбит Шілдебай «Орталық мемлекеттік архив» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ұжымға жаңа басшыны Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Сәбит Шілдебай - 2006-2008 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қоғамдық пәндер кафедрасының доценті міндетін атқарушы;
2008-2011 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ «Отан тарихы» кафедрасының доценті (ғылыми атақсыз) әрі тарих факультетінің ғалым-хатшысы;
2011-2014 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура институты директорының тәрбие және ғылыми істер жөніндегі орынбасары, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;
2014 жылдың қыркүйегінен бастап «Алматы» университетінің деканы;
2015-2017 жылдары «Алматы» университетінің ректоры;
2017-2018 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ КБББАҚО директоры;
2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие және жастар саясаты департаментінің директоры, «Алматы» университеті ректорының кеңесшісі;
2019 жылдың мамырынан бастап Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
Бір монография, бір оқу құралы, 3 ғылыми жинақ пен 150-ден аса ғылыми еңбектің авторы.
Сонымен қатар 150-ден аса публицистикалық, журналистік зерттеу және саяси сараптама мақаласы БАҚ-да жарық көрген. Тарих ғылымының кандидаты, Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты (2010).